№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Астананы Нұрсұлтан етуге қанша ақша жұмсалады

Астананы Нұрсұлтан етуге қанша ақша жұмсалады

Оны әлі ешкім "есептеп үлгермеген" сияқты.


   Астананың атауын Нұрсұлтан етіп өзгертуді қаржыландыруға байланысты сұраққа Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Дәленовтың айтуынша, атауды өзгертуге жұмсалатын сома әлі есептелген жоқ.

– Оны нақты санаған жоқпыз әлі, бірақ бәрі бюджетте бар ақшаның есебінен қаржыландырылады деп ойлаймын. Одан аспауы керек, – деп түсіндірді ол.

Сол бұл мәселе "бірден жүзеге аспайды" деді.

– Түсінесіз ғой, егер атауды өзгерту туралы айтсақ, бұл бірден жүзеге асатын нәрсе емес. Құжаттар, тақтайша-маңдайшаларды меңзеп тұрсаңыз, оның бәрі жоспарлы түрде жүргізіледі, – деді министр.
21 наурыз 2019 ж. 910 0