№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҒА, КӨРШІҢІЗБЕН ҚАНДАЙСЫЗ?

АҒА, КӨРШІҢІЗБЕН ҚАНДАЙСЫЗ?


Шамамен осыдан үш жүз жылдай бұрын Мөңке бидің айтқан мына жорамалдары бүгінде іс жүзіне асып жатқан секілді;«Бір-біріне қарыз бермейді, Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді». Қарызын қоя тұрайық. Өйткені, кредиті есіне түсіп, қан қысымы жоғарылап кететіндерге зиянымыз тимесін. Қозғайын деп отырғанымыз. Көрші ақысы. Ақіретте Алла алдына барғанда ең бірінші кезекте «Көршіңізбен тату болдыңыз ба?» деп қоңсы ақысы сұралады екен. Ата бабамыз «Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық» деп білген. Ия, ақиқатында күнделікті жүзбе-жүз жүздесіп, туыс-туғаныңнан артық амандық-саулық сұрасып, шүйіркелесе шәй ішетін жақын жан ол-көрші.
 Көршісі шәй сұраса, май қосып берген. Бұл бұрындары. Бүгіндері жатқан бәсекелестік. Қоңсымның қорасы тым биік болып кетті. Не даңғазадай дарбазасына қызығушылықпен емес қызғанышпен қарайтын көршілер бар. Қазіргі қоңсы ақысы тек сәлемдесуден ары аспайды. Оған себеп. Күнделікті күйбең тіршілік. Айтпағымыз. Қазіргідей нарықтық заманда, адами асыл құндылықтарымызды ұлықтау өзімізге пайда. Күнделікті қарбалас тірліктен, қоңсымыздың ақысын қаншалықты беріп жүрміз. «Көрші ақысы-Тәңір ақысы», деген қағиданы ұстанып жүрміз бе? Міне, осындай бабалардан қалған аталы сөзді, тақырып арқауына айналдыруды жөн көрдік. «Жақсы көрші тапқаның-көп олжаға батқаның». Бұл мақалдың мәні бүгінде дәурені жүріп тұр. Себебі, жақсы көрші, қиын жағдай бола қалса, қол ұшын беретін, қыруар жұмысың болса, асарлататын, қажетіңді жараса, сұрағыныңды беретін де көршілер. Көршімен сыйластық-қоғамның татулығының айқын белгісі. Тақырыпқа тұздық ретінде төмендегі тәмсілді тарқатпақпын. Тыңдап көріңіз.
        Ислам әлемінің ғұламасы Имам ағзам Әбу Ханифаның маскүнем бір көршісі бар еді.Ол күніге дабырлап сөйлеп, жанұясында жанжал шығаратын. Құдайы көршісі Әбу Ханифаның да мазасын алатын. Бірақ сабыр сақтаған имам бұл істерге ұстамдылық танытып жүретін. Күндердің бір күнінде әлгі көршінің үні шықпай қалады. Не болғанын білмек мақсатта, көршісіне барады. Әйелі, имамға отағасын тәртіп сақшылары абақтыға алып кеткендігін жеткізеді. Әбу Ханифа шаһар басшысына жолығып, көршісін босатып алады. Содан имам мен көршісі екеуі қайтып келе жатқанда, өзінің ішкілікке жақын екендігіне ұялған жігіт; «Өзіңіздің мазаңызды қашыратын. Әркез жақсылығынан жамандығы көп көршіңізді неге босатып алдыңыз»-дейді. Сонда Имам Ағзам; «Жігітім, сен қандай адам болсаң да менің көршімсің. Көршіге жақсылық жасау-мұсылмандардың міндеті. Мен өз міндетімді ғана орындадым. Қайта кішкене кешірек естіп, кештеу босатып алдым ба деп өкініп келемін-,деп жауап береді. Міне, мұны естіген әлгі жігіт тәубаға келіп, имамның шәкірті болған деседі.
Ия, дәл осындай маскүнем көршіңіз болса, сіз осындай іс-әрекетке барар ма едіңіз? Ерінбей ойланып көріңізші ия? Ернар Айдар айтпақшы «Жарай мааа».  Әлде бәлесінен аулақ деп, телехикаяңызды тамашалап отырасыз ба? Хош. Бір сахаба Пайғамбарымыздан(с.а.с); « Менің жақсы-жамандығымның бағасын кім береді?»-деп сұрағанда, Алла Елшісі(с.а.с); «Көршің»-деп жауап қайырған. Түбірін түсінгендер аз-кем ой жүгіртер. Әлгінде жоғары да айтқанымыздай бүгінгі таңда көршілермен сәлемдесуден ары аса алмай жатырмыз. Сондықтанда көрші ақысын тарқата жазғанда жөн көрдім. Біріншіден, көршіңе көрген жерде бірінші болып амандас. Екіншіден, сыпай мінез таныт. Үшіншіден, әрдайым, жақсылық жаса. Төртіншіден, қуанышына ортақтас. Бесіншіден, қайғысын бөліс. Алтыншыдан, науқастанса хал-жағдайын сұра. Жетіншіден, алыс жол сапарға шықса, үй-іші мен мал-жанына бас-көз болып, қорған бола біл.
Айтпақшы. Осы мақаланы жазып отырып, әріптесімнен сұрай салғам. «Көршіңмен қандайсың» деп. Қайдағы күндіз жұмыста. Кешкісін телехикая көруден қол босамайды дейді. Ия, сериалдарға сағаттарды жұмсап, қоралас қоңсымызға секундымызды қимасақ. Қияметтегі халіміз нешік? Жарайт. Ақыры хикая деп қалдым ғой. Тобықтай түйінді тартымды хикаямен тәмамдайын.
Ертеде Ұлықпан хакімнің бір шаһарда екі үйі болыпты. Бірі хан сарайындай үлкен болса, бірі құрылтайдың ұясындай шағын, жұпыны екен. Содан бір күні Ұлықпан үйін сатып, өзге қалаға көшпек болады. Кең сарайлы үйін арзанға, ал шағын лашығын қымбатқа бағалайды. Сонда сатып алушылар мұның мәнісін сұрайды. Ұлықпан хакім; –Мына үйім лашық болғанмен, көршім-жақсы адам. Ондай көршіні Алла нәсіп етпесе, май шаммен іздеп таппайсың. Сондықтанда үйдің құнын емес, абзал көршімнің бәсін қымбатқа бағаладым. Екінші үйім-сән-салтанаты келіскен. Бірақ, көршім-нашарлау кісі. Онымен қоңсы болған кісінің қуанышы аз болады. Ол үйді арзанға бағалағаным сол еді.»– деп жауап береді.
Ия, «Үй алма, көрші ал» деген аталы сөз осыдан қалса керек. Бар айтарымыз. Дүние қызықтарына алданып жүріп, қоңсы ақысын көзден таса қылмауға тырысыңыз.
        Әбдісамат ӘБДІШ.
12 ақпан 2019 ж. 1 229 0