Қырыққабатты қаңтарда егіңіз
Оңтүстіктік ағайын қаңтардың қақ ортасында қырыққабат егуге кірісті, - деп хабарлады «Жаңақорған тынысы» гезетініңі сайты ERNUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Мақтаралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың нидерландық пандион сұрпын отырғызуда. Ерте пісетін өнімнің бұл түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригадалар қатысып, қызу жұмыс жүруде екен. 30 адамнан құралған бригада қаңтардың әрбір жылы күнін пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс жасап жатыр. «Жылыжайда 120 мың түп қырықабаттың көшетін дайындап, 30 адамнан құралған бригадамен көшет отырғызуды басталған.
Пікір 2