№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРАҚ САТЫЛМАЙТЫН АУЫЛ

АРАҚ САТЫЛМАЙТЫН АУЫЛ



«Бірінші жастарыңды көрсет, еліңнің болашағын айтайын». Әл-Фараби бабамыздың бұл нақылы бүгінде «Кәсіпкеріңді көрсет, ауылыңның ахуалын айтайын» деген қанатты сөзге айналды. Өзгентте тіркелген 70 кәсіпкердің 51-і әлі күнге салығын төлемей, 32 тұлға салық есептілігін тапсырмай салғырттық танытып отыр.

Бұл – аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі. Ауыл әкімі есепті баяндамасында «Бизнес-Бастау» жобасы аясында 4 азамат кәсіпкерлік курсына қатысып, бизнес жобаларын қорғағанын тілге тиек етті. Алайда, айтпасқа болмас, жылдағы есепті кездесуде көп ауылдық округ әкімдері мемлекеттік бағдарламаның атауын алмастырып алады. Биылда сол. Негізі, мемлекеттік бағдарлама аясындағы жобаның дұрыс атауы – «Бастау-Бизнес». Ал, «Бизнес-Бастау» ол Алматы қаласындағы танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың жеке кәсіпкерлік мектебінің атауы. Сондықтанда әр бағдарламаны өзінің «азан шақырып» қойған атымен айтқан орынды. Десе де, бір қуаныштысы, ауылда лицензиямен жұмыс жасайтын кәсіпкер жоқ. Яғни, ауылда арақ мүлдем сатылмайды деген сөз. Өйткені, барлық ауылдағы лицензияның басым бөлігі алкогольді өнімге ғана беріледі. Бұл қуанышты екі еселейтін күн алыс емес. Тұрғындардың жыл сайын көтеріп жүрген клуб үйін салу жайы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясындағы жоспарға енген.
19 қаңтар 2019 ж. 821 0