№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Қарлығаш» қолөнер орталығы

«Қарлығаш» қолөнер орталығы




«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Кәсіпкерлер палатасымен қысқа мерзімді жұмысшы мамандықтарға оқыту жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Оқытуды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқыту орталықтары тізіліміне енген орталықтар жүргізуде.
Аталмыш тізілімге Қызылорда облысынан 20 орталық енген. Бұл жерде Палата кәсіпкерлердің сұранысын ескере келе оқытылатын мамандықтардың оқу бағдарламаларын қадағалайды. 2017 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 954 жұмыссыз азамат жұмысшы мамандығына оқып, оның 60 пайызы жұмысқа орналасты. Ал биыл бағдарлама аясында 975 азамат оқытылды.
Облыс азаматтарын оқытқан оқу орталықтарының бірі «Қарлығаш» қолөнер орталығы. Бүгін біз осы орталықтың негізін қалаған қолөнерші, кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова туралы айтпақпыз.
Қарлығаш Ілиясова осыдан 10 жыл бұрын Қырғыз елінен өз туған жеріне көшіп келеді. Алғаш келген кезде тек күнкөріс қамы үшін ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тігіп, тұтынушыға ұсынады. Уақыт өте келе кәсібін кеңейтуді ойластырып, Кәсіпкерлер палатасынан бизнес кеңес алады. Осы мекемеден инновациялық жобаларға арналған грант туралы да естиді. Оған өзінің бизнес-жоспарын ұсынып, грантқа, яғни қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді. Осылайша шағын шеберханасын ашып, қосымша тігін машиналарын алуға мүмкіндік туады.
         Одан бөлек үйінде жұмыссыз отырған қыз-келіншектерге өзінің білгенін үйретіп, кәсібін одан әрі ұлғайтуды көздейді.
         «Қазақстанның үздік тауары», «Шебер» фестивалі сынды шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесіне қатысып, Мемлекет басшысының да жоғары бағасын алдым. Ол жерде ұлттық киімдерді де көрсеткен болатынбыз. Ұлттық киімдер синтетика емес, кезінде әже-апаларымыз киген бархаттан тігіледі. Сапасына қарай бағасы қымбаттау. Дегенмен азаматтардың қалтасы көтеретіндей», - дейді кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова.
         Бүгінде Қарлығаш Қазақстан шеберлер Одағының мүшесі және оның облысымыздағы өкілі, әрі қолөнер шебері. Оның қолынан шыққан эксклюзивті бұйымдар Халықаралық мәдени-этнографиялық фестивальдерде, көрме-жәрмеңкелерде ондаған алғыс хаттармен, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталған.
         Бүгінде кәсіпкердің ұлы мен қызы да ана жолын қуып, ұлттық бұйымдарды тігумен, зергерлік бұйымдарды дайындаумен айналысады.
         Қазір шебердің үлкен шеберханасы бар. Облыс әкімдігі мен Қолөнер шеберлер Одағының басшылығы Қарлығашқа шеберлер орталығын ашуға көмектесті. Осы жерде өңірдегі қолөнер шеберлері жиналып, өз тәжірибелерімен бөліседі, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жандар оны халыққа жеткізу жолдарын, оны заманауи үлгіде ұсыну түрлерін қарастырады.
         Қарлығаш биыл Сыр елінде өткен «Сән мен сахна» халықаралық дизайнерлер фестивалінің жеңімпазы. Одан бөлек облыстағы кәсіпкерлер субъектілерінің тізіліміне енген. Шебер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді жұмыспен қамтамасыз еткісі келеді. Ең бастысы ұлттық өнерімізді жаңа қырынан дамытып, жаңғыртқысы келеді.          
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
10 желтоқсан 2018 ж. 855 0