№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында жүзеге асыру мақсатында Президент Әкімшілігі жанынан «Рухани жаңғыру» бас офисі ашылғаны белгілі. Міне, осы мекемеге қарасты орталықтар өңірлерде өз жұмысын бастап, ұлт руханиятының құнды қазыналарын түгендеуге кірісіп кетті. Айрықша атап өтерлігі, аймақ басшысының бастамасымен, республикада тұңғыш болып «Рухани жаңғыру» орталығы Қызылорда облысында құрылды. Бұған дейін «Сыр медиа» серіктестігі ғимаратында орналасқан орталық Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа ғимаратқа қоныс аударды.
Жаңа нысан 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайтарып беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызба-нұсқасы негізінде салынған.
Мерейлі сәтте ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және бірқатар қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы аясында сол жағалаудағы «Рухани жаңғыру» орталығының ашылу салтанаты өтті.
Гүлшара Әбдіхалықова қызылордалықтарды қала күні мерекесімен құттықтап, аймақтың әлеуметік-мәдени дамуындағы жетістіктерін атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан бойынша ауқымды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асуда. Соның ішінде Қызылорда облысында ескерткіштер салынып, тарихи жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгін біз тек архитектуралық ескерткіштің жай көшірмесі ғана емес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шаралар өткізілетін маңызды мәдени нысанның ашылуына қатысып отырмыз», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Өз кезегінде өңір басшысы Қырымбек Көшербаев жиналған көпшілікті Қызылорда қаласының мерейтойы және орталықтың ашылу салтанатымен құттықтады
«Биыл біз Астана мен Қызылорда қаласының мерейтойын атап өтудеміз. 20 жыл бұрын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Елордасын Астана қаласына көшіру туралы стратегиялық шешім қабылдап, сол арқылы жасампаз мемлекетіміздің тұтастығын қамтамасыз етті. Қызылорда Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ сынды ежелгі астаналардың және Ақ Орда мен Алтын Орда сияқты хан ордаларының аумағы, Кеңес Одағы кезінде Қазақ Республикасының астанасы, сондай-ақ, ағарту, саяси және өнеркәсіптік даму орталығы болды. Ұлтымыздың ресми «қазақ» аталуы туралы шешім де осы киелі мекенде қабылданды. Биыл Елордамыз Астананың 20 жылдық және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларын қатар атап өтудеміз. Бұл Қазақстанның алғашқы және қазіргі астаналары арасындағы ерекше рухани байланысты аңғартады деп ойлаймын. Біз ұлттық құндылықтарымызды сақтап әрі жаңғыртуымыз керек», – деді аймақ басшысы.
Иә, бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыста іске асыруға бағытталған облыстық іс-шаралар жоспары және «Жол картасы» бекітіліп, жыл басынан бері 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Бағдарлама қамтыған арнайы жобалар мен оның басым бағыттарын үйлестіру бойынша Сарапшылар кеңесі құрылып, жұмыс жасауда. Биылғы жылы Орталықтың үйлестіруімен бағдарлама аясында 105 мәдени-әлеуметтік және ғылыми-танымдық маңызды жобалар жүзеге асырылған. Бұлда болса, орталық жұмысының қарқынды әлеуетін айқындайды.
Сонымен қатар, айта кету керек, 2017 жылы Сырдарияның сол жағалауында жаңа қаланың құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда жеке инвестициялардың қаржысы есебінен 18 көпқабатты тұрғын үйдің, «Болашақ» университеті кампусының және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 320 орындық балабақшаның, мемлекет қаржысы есебінен Жастарға қызмет көрсету орталығы мен қажетті инфрақұрылымдардың құрылысы жүргізілуде. 2019-2020 жылдары сол жағалауда бірқатар көпқабатты үйлер, мектептер, облыстық көпсалалы аурухана, неке қию сарайы, балабақша, физика-математикалық мектеп жатақханасымен бірге, сауда-ойын сауық кешенін салу жоспарланып отыр.
Түйіндей айтқанда, қаланың сол жағалауындағы жаңа нысан – «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимараты алдағы уақытта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындаған басым бағыттарды жүзеге асыруда шаралардың бел ортасынан табылмақ.

Самат ӘБДІШ.
02 қазан 2018 ж. 1 832 0