№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХАЖ ЖАСАУ – БІР ПАРЫЗЫҢ

ХАЖ ЖАСАУ – БІР ПАРЫЗЫҢ


Мұсылманның асыл парызының бірі – қажылық. Алланың осы бұйрығын орындауға жаңақорғандықтар белсенділік танытып келеді. Биыл Жаңақорған ауданынан қажылық парызын өтеуге жеті адам барғанын білеміз. Солардың алғашқылары Тұрғанбек Әсенов пен Өтеген Нақышпанов қажылық міндетін атқарып келді. Қос қажыны жерлестері құрмет-нақышпен күтіп алды.
Алқалы топтың арасынан ауданның бас имамы Сейдулла қажы мен Қум сахаба мешітінің имамы Ержан қажы төбе көрсетті.
Бұл кездесудің өзге кездесулерден өзгешелігі, Тұрғанбек қажының ХХ ғасырдың 60 жылдардың ортасында кәсіптік-техникалық училишеде бірге оқыған елдің түкпір-түкпірінде тұратын достарымен қауышуы дер едік. Көріспегендеріне жарты ғасырдай уақыт өткендері де бар екен. Мұнан кейін қажылық сапар туралы әңгіме қос қажының отбасында жалғасты.
– Менің осы сапарға шығуыма немере інім Изатулла Үсеновтің бір ауыз сөзі себеп болды. Бірде үйде шәй ішіп отырғанда ол: – Аға, Құдай жолына түскеніңізге ширек ғасырдан асып барады. Айналамызда біраз ағайын сауапты сапарға барып келіп жатыр. Біз секілді жұмыста емессіз, қол бос. Зейнеткерсіз. Мен демеуші болайын. Барып қайтсаңыз қалай болады? – деді. Осылайша киелі мекенге барып қайттым, – деді Тұрғанбек қажы әңгіме барысында.
Қажының сөзіне зер салып қажылық міндет жайлы біраз нәрседен құлағдар болдық. Оның сөзінше, Меккені аралап, Қағбаны 7 рет айналып, оған қолын тигізіп, тәуәп етіпті. Қағбаның бір қабырғасын түгел сипауға қолы жетті, әрі онда екі жұма намазына қатысу бақыты бұйырыпты.
Осы сапар барысында Тұрғанбек пен Өтеген жерлестері Абибулла Төлегенов пен Дариға Әлібекованы кездестіріпті.
Қасиетті жерлердің қызығы мен Алланың құдіреті жайлы сөз еткен Тұрекең: – Өтеген ағаның денсаулығы жоқ кісі ғой. Шамалы жүрсе дем жетпей, алқынып қалатын. Құдайдың құдіретін қарашы, осы қажылық сапарда тауға бірнеше рет шығып, түсседе Өтекең қиналмады, – деді.
Иә, бәрі де бір Алланың қолында. Оған күман жоқ. Міне, Алланың қос құлы қажылық парызын өтеп келді. Олармен сәлемдесіп, қол алып, амандасу үшін келген адамдардың қарасы көп. Мұны мұсылманшылықты ұстанған елдің қажыларға деген құрмет-қошеметінің белгісі деп қабылдадық.

P.S.: Бет қатталып жатқанда тағы да екі қажының елге оралғаны туралы хабар жетті.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
04 қыркүйек 2018 ж. 947 0