» » ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА


Алдағы жылыту маусымына дайындықты пысықтау – әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету маңызды.
Осы бағытта «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қысқы кезеңге дайындығын бақылауға алды
.
Аралау барысында алдымен №51, №163 мектептердің жылыту маусымына дайындығы зерделенді. Жауапты мамандармен кездесіп, қазандықтардың әзірлігі, жылу жүйелерінің техникалық жағдайы, отын қоры және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы қаралды.
Сонымен қатар бірқатар білім беру нысандарының жылу жүйелері тексеріліп, қазандықтардың дайындығы, жылыту жүйелерінің жұмыс жағдайы және қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударылды.
Партиялық бақылау барысында анықталған мәселелер талданып, жауапты сала мамандарына тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Негізгі мақсат – жылыту маусымын штаттық режимде өткізіп, әлеуметтік нысандарда жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету және тұрғындар мен білім алушыларға қолайлы жағдай қалыптастыру.
Жылыту маусымына тыңғылықты дайындық – тұрақты әрі қауіпсіз жұмыстың кепілі.
28 қыркүйек 2026 ж. 30 0