№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТӨЛЕМІ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТӨЛЕМІ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?


Ізбасқан ӘБІЛТАНОВ, аудандық электр торабының бастығы:

– Қазіргі таңда цифрландыру қоғам өмірінің барлық саласына еніп, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың маңызды құралына айналып отыр. Коммуналдық сала да бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Оның ішінде электр энергиясын тұтыну, есепке алу және төлем жасау жүйесінде бірқатар өзгерістер жүзеге асырылуда.
Қызылорда облысында 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Бірыңғай төлем құжатының енгізілуі – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Бұған дейін тұрғындар әр коммуналдық қызмет үшін жеке-жеке төлем жасап келсе, бүгінде электр энергиясы, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару секілді қызметтер туралы ақпаратты бір құжаттан көріп, төлемді бір жерден жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
Бұл, ең алдымен, тұрғындардың уақытын үнемдеп, төлем жасау рәсімін жеңілдетуге бағытталған.Бірыңғай төлем құжатының енгізілуі коммуналдық қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығын да арттырады. Тұрғындар өзіне көрсетілген қызметтер мен есептелген сомаларды бір жерден көре алады. Ал «Smart ЖКХ» мобильді және веб-қосымшасы арқылы бірыңғай төлем құжатын, төлемдер тарихын және коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдардың байланыс деректерін кез келген уақытта бақылауға мүмкіндік бар. Яғни, цифрлық жүйе тек
төлем жасауды жеңілдетіп қана қоймай, тұтынушының өз шығынын бақылауына да жағдай жасап отыр.
Тағы бір ескеретін мәселе, электр энергиясы бойынша да цифрлық төлемдердің үлесі жылдан-жылға артып келеді. Қазіргі таңда облыста электр энергиясы үшін төлемдердің 90 пайыздан астамы екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, интернет-банкинг жүйелері, төлем терминалдары және басқа да электрондық сервистер арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты біз де тұтынушыларға қызмет
көрсету тәсілдерін заман талабына сай оңтайландыруға басымдық беріп отырмыз. Бұрын кассалық бөлімшелердің саны көп болғанымен,
қазіргі таңда тұрғындардың басым бөлігі төлемдерін онлайн жүргізеді. Кассаларды ұстау ғимараттарды жалдау, коммуналдық шығындар,
кассалық техникаларды күтіп ұстау, инкассация, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты тұрақты шығындарды талап етеді. Қолма-қол төлем үлесінің айтарлықтай төмендеуі жағдайында мұндай шығындарды оңтайландыру – экономикалық тұрғыдан қажетті шешім.Алайда кассалық бөлімшелерді оңтайландыру жұмыстары қызметкерлерді қысқартуға бағытталған жоқ. Керісінше, қолда бар кадрлық ресурстарды тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Жүргізілген қайта бөлудің нәтижесінде бірде-бір қызметкер жұмыссыз қалған жоқ.
Энергетика саласында білімі мен тәжірибесі бар бақылаушылардың бір бөлігі өндірістік-техникалық бағыттағы мамандандырылған
жұмыстарға ауыстырылды. Ал кассир болып жұмыс істеген қызметкерлер еңбек заңнамасына сәйкес бақылаушы лауазымдарына орналастырылды.Бұл жерде басты мақсат – кадрларды қысқарту емес, керісінше, тұтынушылармен тікелей жұмыс істейтін бағыттарды күшейту. Электр энергиясын тұтынушылар саны жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес есепке алу, бақылау, төлем құжаттарын уақытылы
жеткізу және тұрғындармен кері байланыс орнату жұмыстарына да қойылатын талап жоғарылап отыр. Сондықтан кадрлық ресурстарды
осы қажеттілікке қарай қайта бөлу арқылы халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік туды. Бүгінде тұрғындарға электр энергиясы үшін төлем жасаудың бірнеше жолы ұсынылған. Облыс аумағында «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде кассалар мен терминалдар жұмыс істейді. Сонымен қатар «Қазақстан Халық Банкі», «Kaspi Bank», «ForteBank», «Банк ЦентрКредит» және басқа да қаржы ұйымдарының мобильді қосымшалары арқылы төлемді тәуліктің кез келген уақытында жасауға болады. Бұл тұрғындардың бір ғана төлем арнасына тәуелді болмай, өзіне ыңғайлы тәсілді таңдауына мүмкіндік береді.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
15 қыркүйек 2026 ж. 35 0