№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Елімізде 13 жаңа заманауи колледж салынады

Елімізде 13 жаңа заманауи колледж салынады


Еліміздің 11 өңірінде 20 мың оқушы орнына арналған 13 жаңа заманауи колледж салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.

Министрдің айтуынша, бұл өңірлердегі тапшылықты азайтып, жастарымызды заманауи, жабдықталған ортада сапалы кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге тікелей мүмкіндік береді.

Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер есебінен 174 колледж, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар қолдауымен 13 колледж жабдықталған. Десе де еліміз бойынша 143 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын шұғыл жаңарту талап етіледі.
11 қазан 2026 ж. 339 0