№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Үкімет жаңа құрам жасақталғанша өз міндетін атқарады

Үкімет жаңа құрам жасақталғанша өз міндетін атқарады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды 
Қазақпарат.
Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
– Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын, — делінген құжатта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Сурет:  primeminister.kz
28 тамыз 2026 ж. 247 0