№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылордада 18 ЖАСТАҒЫ 10519 АЗАМАТ БІРІНШІ РЕТ ДАУЫС БЕРУГЕ МҮМКІНДІК АЛДЫ

Қызылордада 18 ЖАСТАҒЫ 10519 АЗАМАТ БІРІНШІ РЕТ ДАУЫС БЕРУГЕ МҮМКІНДІК АЛДЫ


Бүгін Қызылорда өңірінің тұрғындары үшін әдеттегі жексенбі емес. Аймақ халқы ел үшін маңызы бар республикалық Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділік танытуда.

Облыстағы 386 сайлау учаскесінде тізімге сай тіркелген азаматтар бюллетень алып, дауыс беруде. Олардың қатарында 18 жасқа толып, тұңғыш рет науқанға жастар да бар.
Олар бірінші рет бюллетень алып, өз таңдауларын жасап көрді.
- Дауыс беруді үлкен жауапкершілік деп қараймын. Еліміздің өркендеуі, мемлекет үшін маңызды істерді жастар бізден бірінші жүруіміз керек. Бір топ жастар болып өз таңдауымызды жасауға келдік,- дейді жас тұрғын.
Еске салайық, Құрылтай сайлауы күні облыс бойынша 500 591 азамат дауыс беруге құқылы.
Облыста 386 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2720 комиссия мүшелері қызмет атқарады.
23 тамыз 2026 ж. 196 0