Құрылтай

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қазақстанда 450 мың оқушыға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қазақстанда 450 мың оқушыға әлеуметтік көмек көрсетіледі


1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған 
KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, 2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық балаға қолдау көрсетіледі. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
"Көмектің ең төменгі мөлшері – бір балаға 50 851 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай жекелеген өңірлерде төлем мөлшері жоғары болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Көмек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі.
Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер тиісті құжаттарды білім беру ұйымына тапсыруы қажет.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай 
02 тамыз 2026 ж. 23 0