Құрылтай

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

№48 (8962) 27

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » МАЛ ҚОРАҒА ДӘРЕТ СЫНДЫРМА! НЕГЕ?

МАЛ ҚОРАҒА ДӘРЕТ СЫНДЫРМА! НЕГЕ?


Қазақ халқында ұрпақты тәрбиеге баулыған сан алуан ырым-тыйым бар. Оларды жай ғана ырым емес, ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік тәжірибе мен тәрбиелік қағида деп қабылдаған жөн.

Бала күнімізде үлкендерден мұндай тыйымдарды жиі еститінбіз. Бірақ олардың астарындағы мәнді толық түсіне бермейтін едік. Бүгінде де көптеген тыйымның шығу төркіні көпшілікке беймәлім.

Соның бірі – «Мал қораға дәрет сындырма!» деген тыйым.
– Неге? – деп сұрайтынбыз.
– Жаман болады! – дейтін үлкендер.

Сол бір ауыз сөздің өзіне тоқтап, үлкендердің айтқанын орындап өстік.

Бұл тыйымның мәніне қатысты қызықты дерекке ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының көптомдық шығармалар жинағынан кезіктік.

Онда ғұлама ел аралап жүріп, ауылдарда ислам шариғаты жөнінде уағыз айтып, сырқат жандарды емдегені баяндалады.

Бір ауылға келгенінде бірнеше жылдан бері аузы қисайып қалған бір азамат көмек сұрайды. Ғұлама Құран аяттарын оқып, оның дертіне шипа береді. Кейін сырқаттың себебін былай түсіндіреді:

«Мал қораға дәрет сындырма. Малдың тезегін жын-шайтандар қорек етеді. Қорегіне дәрет сындырғаның үшін аузыңа ине шаншып кеткен. Себебі сол!».

Әрине, мұндай түсінік халықтың діни-мифологиялық дүниетанымымен сабақтас. Жалпы алғанда, қазақтың көптеген ырым-тыйымы адамдарды тазалыққа, әдепке, табиғатқа жанашырлыққа және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеуді мақсат еткен.

Расында да, халқымыздың әрбір тыйымының астарында белгілі бір өмірлік тәжірибе мен тәрбиелік мән жатыр.

Мысалы:
– Табалдырықты баспа;
– Босағаға сүйенбе;
– Үйде ысқырма;
– Таяққа сүйенбе;
– Үйді айналып жүгірме;
– Суға дәрет сындырма;
– Күлді баспа;
– Тізеңді құшақтама.
Мұндай мысалдарды әлі де көптеп келтіруге болады.

Достар, сіздер білетін тәрбиелік мәні терең ырым-тыйымдар қандай? Олардың шығу төркіні мен мағынасын бірге талқылайық...

Нұрлат БАЙКЕНЖЕ

08 шілде 2026 ж. 50 0