Мәслихаттар сайлауы

Соңғы жаңалықтар

№87 (9000) 17

17 қараша 2026 ж.

№86 (8999) 14

14 қараша 2026 ж.

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Құрылтай сайлауы: басты талаптар мен ерекшеліктер

Құрылтай сайлауы: басты талаптар мен ерекшеліктер


Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.


Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.

Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.

Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.

Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.

Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.

Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы

07 шілде 2026 ж. 294 0