Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының аяқталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының аяқталуымен құттықтады


– Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Ерлік – елдің қасиеті» деген қанатты сөзі бар. Елге қызмет білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға қамқор болудан, келешек алдындағы жауапкершілікті терең сезінуден басталады.


Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс. Осы күндері сіздер нағыз достық пен өзара құрметтің, ұйымшылдық пен мызғымас бірліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Жарайсыздар! Жеңімпаз болған командаларды шын жүректен құттықтаймын! Рухты жастардың осылай бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайта түсері сөзсіз. Әр сарбаздың айбыны асқақ болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! – деп түйіндеді сөзін Президент.
26 маусым 2026 ж. 156 0