Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды


«Әділет» партиясы өңірлік филиалдар желісін құрып, мемлекеттік тіркеуден толықтай өткізді. Аумақтық бөлімшелер еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында құрылды.


Келесі кезең – филиалдардың басқару органдарын жасақтау: төрағалар мен басшылық органдарды сайлау, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарын құру.
Аумақтық желіні қалыптастыру – партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі, басқару және ішкі бақылау жүйесі айқындалған.
«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден 2026 жылғы 1 маусымда өтті.
Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy
22 маусым 2026 ж. 109 0