Соңғы жаңалықтар

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

№42 (8956) 6

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ТУРИЗМ ДАМЫСА – ЭКОНОМИКА ІЛГЕРІЛЕЙДІ

ТУРИЗМ ДАМЫСА – ЭКОНОМИКА ІЛГЕРІЛЕЙДІ


Қазақстанда туризм саласының табысы 5 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және
спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Демек, соңғы жылдары елдегі туризм саласының қарқыны жақсы
көрсеткішке ие. Оған себеп те жоқ емес, біздің өңірімізде экотуризм мен демалыс орындары, сондай-ақ тарихи
мекендер баршылық. Жалпы туризмге ұсынатын жобалар аз емес, тек жарнама мен инфрақұрылым мәселесінде
түйіткілдер бар. Нағыз табыс көзіне айналдыратын туризм бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында жауапты сала министрлері атқарыл- ған жұмыстарды баяндады. Алдағы жоспар мен түйінді мәселелерді талқылады. Басты мақсат – елге туристерді тарту. Айта кететіні, дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес, еліміз туристік бағыттар рейтингісінде үздік 50 елдің қатарында.
                                                           ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУҚАРЫ
Алғашқы болып мәлімдеме жасаған Туризм және спорт министрі шетелдік туристердің Қазақстан аумағында жұмсаған шығындары 2,9 млрд долларды құрағанын жеткізді. Сонымен қатар туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Салық түсімдері де 18 пайызға өсіп, 630 млрд теңгені құрады.
– Саланы одан әрі дамыту мақсатында осы жылдың наурыз айында заңнамалық түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, туристік автобустар
үшін «жасыл дәліз» тетігі енгізіліп жатыр. Сондай-ақ визит-орталықтардың мәртебесі заң жүзінде бекітіліп, олардың қызметіне қойылатын талаптар айқындалды. Туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында гидтердің, экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітіледі, – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.
Премьер-министр жазғы туристік маусымдағы қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше назар аударды.
«Биылғы жазғы туристік маусымға жеке тоқталғым келеді. Бірінші кезекте, барлық әкімдіктермен министрліктер демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша алдын алу шараларын қабылдауы тиіс. Демалушылар үшін курорттық аймақтарды дайындау жұмыстарын ақпараттық тұрғыдан барынша белсенді түрде жариялау қажет. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі негізде жүргізу маңызды. Барлық жедел әрекет ету қызметтері жоғары дайындық және мониторинг режиміне көшірілуі тиіс. Бұл жұмысқа волонтерлерді де тартқан жөн», деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар отандық туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың Қазақстанға келуі мен елде
болуының жеңілдетілген тәртіптері қолданылады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Оның айтуынша, республикада процестерді цифрландырумен қатар көлік қолжетімділігі де белсенді түрде дамып келеді. Сонымен бірге негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп
отыр.
– Қазіргі таңда 105 елдің азаматы елшіліктерге жүгінбей-ақ электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен қатар виза беру де ұйымдастырылған. IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды, – дейді Ержан Сәденов.
Сондай-ақ әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар «туристік карталар» беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат
орналастырылған.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

13 маусым 2026 ж. 32 0