2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды.

Құрметті үміткерлер!
1 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды. Тікелей эфир барысында сіздерге оқуға қабылдау ережелері туралы және биылғы жаңашылдықтар жайлы ақпарат беремін.
Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Биыл үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін тіркеліп, өтініш бере алады. Яғни құжат қабылдау процесі 2 ай ғана жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға арналған гранттар саны 1,5 еседен астам көбейтілді, докторантураға 12 грант бөлінді. Сондай-ақ үміткерлердің функционалдық еңбек өтілін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылады. Жаңа оқу жылына құжаттар 12 емес, 16 білім бағдарламасы бойынша қабылданады.
Биыл жаңадан «MASTER OF DIGITAL ANALYTICS AND ARTIFICIAL INTELLIGENCE IN THE PUBLIC SECTOR - МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ», «ЕМВА – ІСКЕРЛІК-ӘКІМШІЛЕНДІРУ», «DDPA – ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ» білім бағдарламалары енгізілді.
Білім беру бағдарламалары бойынша өзгерістерге тоқталайын. Жекелеген білім беру бағдарламаларын ғылыми-педагогикалық бағытқа ауыстыруға байланысты «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар», «Экономика» бағдарламаларының оқу мерзімі 1,5 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды.
Сонымен қатар 2 білім бағдарламасының оқу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды:
- «MRD – Өңірлік даму»;
- «MHRM – Адами ресурстарды басқару» білім беру бағдарламасы «MSHRM – Адами ресурстарды стратегиялық басқару» бағдарламасы болып өзгертілді және оқу мерзімі ұлғайтылды.
МАГИСТРАТУРА (1 / 1,5 ЖЫЛ):
• MPA – Мемлекеттік басқару (1 жыл)
• MDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару (1 жыл)
- MDAAIPS - Мемлекеттік сектордағы цифрлық талдау және жасанды интеллект (1 жыл)
• MRD – Өңірлік даму (1,5 жыл)
ЖҰМЫСПЕН ҚАТАР ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (1 ЖЫЛ):
• EMPA – Мемлекеттік басқару
• MRDm – Өңірлік даму
• EMBA – Іскерлік әкімшілендіру
2 ЖЫЛДЫҚ МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:
• MPP – Мемлекеттік саясат
• ME – Экономика
• MIR – Халықаралық қатынастар
ДОКТОРАНТУРА (3 ЖЫЛ):
• DPA – Мемлекеттік басқару
• DIR – Халықаралық қатынастар
• DE – Экономика
• DDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару
ЖҰМЫСПЕН ҚАТАР ОҚУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ДОКТОРАНТУРА БОЙЫНША МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (3 ЖЫЛ):
• DDPAm – Цифрлық мемлекеттік басқару
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖҮКТЕУ ҚАЖЕТ:
- Мемлекеттік органның жолдамасы
3) қосымшасымен бірге жоғары білім туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;
4) Мемлекеттік тілді білу деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST сертификаты немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты;
5) докторантура бағдарламалары мен «Халықаралық қатынастар», «Мемлекеттік саясат» магистратура бағдарламаларына үміткерлер үшін ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі қажет;
6) Мемлекеттік қызметшілер үшін: Мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқордан алынған не жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған қызметтік тізім;
- Өзге үміткерлер үшін: еңбек қызметін растайтын құжат, сондай-ақ «Мемлекеттік басқару» және «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламаларына оқуға түсу кезінде басшы лауазымындағы еңбек өтілі;
8) докторантура бағдарламаларына үміткерлер үшін – зерттеу жұмысы жоспарының жобасы (research proposal);
9) электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш қажет.
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР:
• Құжат қабылдау: 1 сәуір – 1 маусым
• Конкурстық іріктеу: 5 маусым – 19 маусым
• Аналитикалық эссе: 5 маусым – 7 маусым
• Сұхбат: 5 маусым – 19 маусым
• Алдын ала қабылдау: 25 маусым
• Қорытынды қабылдау: 10 шілде
• Оқу басталуы: 1 қыркүйек
КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ:
БІРІНШІ КЕЗЕҢ – АНАЛИТИКАЛЫҚ ЭССЕ ЖАЗУ. Бұл белгілі бір мәселе бойынша жеке ой-пікірі (ұстанымы) мен талдауын білдіретін еркін жазбаша жұмыс және ол кәсіби қызмет саласынан хабардарлығын анықтауға бағытталуы мүмкін.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ – СҰХБАТ. Мақсаты – үміткерлердің кәсіби және жеке құзыреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік басқару жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнаманы білу деңгейін айқындау. Сұхбат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ауызша жүргізіледі және процесс бейнежазбаға жазылады. Сұхбат үміткердің жеке кабинетінде көрсетілген кестеге сәйкес офлайн форматта жүргізіледі.
ДОКТОРАНТУРА БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТҮСЕТІН ҮМІТКЕРЛЕР ҮШІН ҮШІНШІ КЕЗЕҢ – ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ЖОСПАРЫНЫҢ ЖОБАСЫН БАҒАЛАУ. Зерттеу жұмысы жоспарының жобасында зерттеудің өзектілігі, сыни талдау, болжамды әдістері және проблеманы/мәселені шешудің ықтимал жолдары баяндалады.
Өзге қаржы көздері есебінен үміткерлер жинаған балдарына қарай қабылданады, бұл ретте конкурстық комиссияның қорытындылары мен сараптамалық бағалаулар қосымша ескеріледі.




