ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНЕ ҚАЛАЙ ТІРКЕЛУГЕ БОЛАДЫ?

Аудан көлемінде тұрғын үй кезегіне:
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған кез келген азаматы;
Соңғы 5 жыл ішінде өзінің және жұбайының (зайыбының) атында тұрғын үй болмаған жағдайда;
Тұрғын үй кезегіне «Отбасы банк» АҚ-ның orken.otbasybank.kz электрондық порталы арқылы өтініш бере алады.
2025 жылғы 24 мамырдан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.
Осыған сәйкес:
тұрғын үйге есепке қою;
кезектілікті жүргізу;
тұрғын үй бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан ұлттық даму институты мәртебесіне ие «Отбасы банк» АҚ-ға берілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың 2-тарау, 1-параграфының 10-тармағына сәйкес: «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бөлу жұмыстарын «Отбасы банк» АҚ жүзеге асырады».



