» » Аудан әкімі Мажит Самитовтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Мажит Самитовтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы


Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!


Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам – татулық пен тұрақтылықтың, өзара құрмет пен сенімнің, достық пен ынтымақтың мерекесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ел бірлігі мен қоғамдық келісім – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, тұрақты дамуымыздың кепілі. Бүгінде елімізде түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді.
Ауданымызда да бұл игі үрдіс жалғасын табуда. 17 түрлі этнос өкілдері бірліктің жарасымды үлгісін көрсетіп, ел дамуына қызмет етуде. Бұл – ортақ мақсатқа жұмылған елдігіміздің айқын дәлелі.
Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтуда ақсақалдарымыздың парасаты, аналарымыздың өнегесі, әкелеріміздің тәрбиесі, сондай-ақ медиация кеңестері мен қоғамдық бірлестіктердің де еңбегі зор. Олар өзара түсіністік пен келісімді қалыптастырып, ел бірлігін бекемдеуге сүбелі үлес қосып келеді.
Алдағы уақытта да елдік мүдде жолында бірлігімізді сақтап, ортақ құндылықтарымызды нығайта береміз деп сенемін.

Құрметті жерлестер!
Бірлігі бекем елдің келешегі кемел. Сондықтан татулық пен келісімді көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Сіздерге зор денсаулық, әр шаңыраққа амандық, құт-береке тілеймін!
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз мәңгі болсын!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні тағы да құтты болсын!
01 мамыр 2026 ж. 29 0