№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » RES 2026 саммиті: Астанаға бірқатар ел басшылары келді

RES 2026 саммиті: Астанаға бірқатар ел басшылары келді

Елордада өтетін RES 2026 халықаралық экологиялық саммитіне қатысу үшін бірқатар мемлекет басшылары мен үкімет өкілдері Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Үкіметі
Шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадов және Грузия Президенті Михаил Кавелашвили қатысады. Саммит 22-24 сәуір аралығында өтеді.

Фото: ҚР Үкіметі
– Халықаралық RES 2026 экологиялық саммиті аясында мемлекеттер арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты даму мәселелері талқыланады, – делінген ресми ақпаратта.

Фото: ҚР Үкіметі
Ауқымды іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістерге қарсы іс-қимыл және «жасыл» технологияларды дамыту бағыттары күн тәртібіне шығарылады.
Айта кетейік, cаммит аясында RES 2026 EXPO көрмесі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.
kaz.inform.kz
22 сәуір 2026 ж. 288 0