ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ, ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ СУ ТАРТУ СТАНЦИЯСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

2026 жылдың 31 наурыз күні «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қалдарбек Айдарұлы Тұрабаев және комиссия мүшелері Жаңақорған кентіндегі «Май бекеті» шағын ауданында жүзеге асырылып жатқан су тарту станциясы мен қосылу тармағының құрылысына мониторинг жүргізді.
Аталған жобаның бас мердігері – «Механизатор-К» ЖШС, техникалық қадағалаушысы – «ALTIMUS LTD» ЖШС. Жобаның жалпы құны 1 072,0 млн теңгені құрайды.
Жоба «Май бекеті» шағын ауданындағы 773 тұрғын үйді (2440 тұрғын) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталған.
Мониторинг барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзіміне ерекше назар аударылып, жауапты мердігер ұйымдарға нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.




