№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: жастар арасында дебаттық ойыны өтті

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: жастар арасында дебаттық ойыны өтті


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында "ЭкоЖастар: Болашақ біздің қолымызда" тақырыбымен №289 орта мектебінде іс-шаралар өтті.

«Үкімет-ЖасStar» және «Оппозиция-Дат» топтарының арасында өткен дебат ойынында жас спикерлер өңір экологиясын сақтау, ауданымызды таза ұстау үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі, міндеті жайлы ойларын ортаға салды.

Пікірсайысқа №289 орта мектебінің ең белсенді жастары мен мектеп ұжымы қатысты. Олар жыл бойы жүздеген экологиялық акцияларға белсене ат салысып келеді. Енді экомәдениетті дамыту үшін тәрбиелік шараларды да үзбей өткізіп тұрмақ.

Сонымен қатар, мектептің биология пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан » тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, туған өлке табиғатын аялау, экологиялық мәдениетті дәріптеу мақсатында өтті.
13 ақпан 2025 ж. 151 0