Соңғы жаңалықтар

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

№64 (8978) 25

25 тамыз 2026 ж.

№63 (8977) 22

22 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » РЕФЕРЕНДУМ:ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДАУЫС БЕРУ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА

РЕФЕРЕНДУМ:ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ДАУЫС БЕРУ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНДА



Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты референдумда Қызылорда облысы тұрғындарының 93,04 %-ы дауыс беріп, республикада бірінші орынға шықты. Маңызды саяси науқанда қазақстандықтардың 73,24%-ы өз таңдауын жасаған.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азамат дауыс берді.
Еске салайық, облыс бойынша 378 референдум учаскесі қызмет етті.
Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін 179 онлайн сервис, уақытша тіркеу қызметін атқаратын 5 онлайн учаске іске қосылды.
Азаматтар өз учаскесін 4 платформа арқылы анықтады. «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасындағы https://referendum.orda.gov.kz сайты және арнайы телеграм боты үздіксіз жұмыс істеді.
Азаматтар сайтқа кіріп, өз учаскесі, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпарат алды.
Сондай-ақ 109 қызметінің диспетчерлері де сауалдарға жауап берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
16 наурыз 2026 ж. 760 0