№78 (8789) 1

01 қазан 2024 ж.

№77 (8788) 28

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (8787) 24

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » РЕФЕРЕНДУМ: Қызылордадағы 109 Call орталығына 1000-ға жуық қоңырау түскен

РЕФЕРЕНДУМ: Қызылордадағы 109 Call орталығына 1000-ға жуық қоңырау түскен



Республикалық референдумға 4 күн қалды.Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті жүзеге асырды.  
https://referendum.orda.gov.kz/kkсайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады.

Бүгінгі күнге дейін сайтты 5000-нан аса тұрғын қолданған. 
Бұл қызметтер «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және телеграм https://t.me/referendumKzo_bot желісінде бар.
- Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда. 2 ауысыммен жұмыс істейтін 24 диспетчер 25 күннің ішінде 1000-ға жуық қоңырауға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі - азаматтардың өз учаскесін анықтауы және дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты,-дейді мекеме директоры Темірхан Мұқанғали.
Сондай-ақ, дауыс беру күні Қызылорда қаласындағы 5 учаскеде онлайн сервис ашылып, тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады. Олардың да тізімі аталған сайтқа енгізілген.
№198 РУ - №5 мектеп-лицей
№250 РУ - №261 орта мектеп
№189 РУ - №136 мектеп-лицей
№264 РУ - №264 мектеп-лицей
№347 РУ - №271 орта мектеп
Айта кетейік, Қызылорда өңірінде 380 референдум учаскесі бар. Мұнда 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
02 қазан 2024 ж. 105 0