№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ғасыр жасаған әже дауыс берді

Ғасыр жасаған әже дауыс берді



Жаңақорған ауданында республикалық референдумға қатысу жоғары деңгейде өтуде. Аудан тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда. 
Қызығы, дауыс берген тұрғындардың ең егдесі де осы ауданның тұрғыны. Биыл 101 жасқа толған Тәжбен Исабекова апамыз да референдумнан қалыс қалмай, азаматтық борышын орындады. Ғасырлық ғұмыр кешкен қазыналы қария өз шаңырағында дауыс беріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Айта кетейік, тұрғындардың дер кезінде әрі қолайлы жағдайда дауыс беруі үшін Жаңақорған ауданында барлығы 42 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Учаскелерде барлық қажетті жағдай жасалып, тұрғындардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік қарастырылған.
15 наурыз 2026 ж. 622 0