Топ-баннер
Топ-баннер2

Соңғы жаңалықтар

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РЕФЕРЕНДУМ: ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН 67 ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

РЕФЕРЕНДУМ: ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН 67 ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ


Республикалық референдумға 2 күн қалды. Қызылорда облысы маңызды науқанды өткізуге дайын. Аймақта 378 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда.

Барлық учаскелер мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы яғни 1-қабатта орналасқан.
Қызылорда облысы бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21431-нің референдумға қатысуға құқығы бар. Тізімге енген тұрғындардың 9673 ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектегі бар азаматтар. Оның 2431 кресло-арба қызметін қолданатындар, 5909 көру қабілеті төмен азаматтар, 1333 есту қабілеті төмен азаматтар.
- Бүгінгі күні облыста Брайль қарпін қолдана алатын 72 учаскеде 105 көз мүгедегіне арнайы трафарет дайындалды. Қалған 306 учаскеде трафареттер таратылады.
Дауыс берушілер үшін бюллетеньдер толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар ұсынылды. Сондай-ақ, рферендумға қатысушылар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа Конституция жобасы мәтінінің аудионұсқасын тыңдау мүмкіндігі беріледі,-деді Қызылора облысының аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Бақытжан Ідірісов.
Өңірде қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси мен 49 учаскеде сурдоаудармашылар ымдау тілі қызметтерін көрсетеді.
Дауыс беру күні аймақтағы 378 учаскеде мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Мұнда дауыс беруге қажетті арнайы құрал-жабдықтар мен ақпараттық түсіндірмелер қамтылған.
Денсаулық жағдайына және науқас адамға күтім жасауына байланысты учаскеге келіп дауыс беруге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін комиссияның 2 мүшесі тасымалданатын жәшік арқылы азаматтың үйіне барып дауыс беруді ұйымдастырады.
Бұл ретте азаматтар 15 наурыз сағат 12:00-ге дейін өтініш қалдыруы тиіс.
Дауыс беру күні референдум учаскелері таңғы сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, референдум күні облыс бойынша 492 524 азамат дауыс беруге құқылы.
13 наурыз 2026 ж. 52 0