№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада Open Air форматындағы қоғамдық іс-шара өтті

Қызылордада Open Air форматындағы қоғамдық іс-шара өтті



Қызылорда қаласындағы «Kaysar Arena» алаңындаш Open Air форматындағы қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, оған 20 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты.
Іс-шара барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері жаңа Конституция жобасына қатысты негізгі бағыттар туралы айтып, 15 наурызға жоспарланған республикалық референдум жөнінде ақпарат берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жаңа Конституция жобасының мазмұны халықтық сипатқа ие екенін атап өткен болатын. Президенттің айтуынша, құжатта елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталған саяси және институционалдық өзгерістер қарастырылған.
Іс-шара ашық форматта өтті. Сахнада қазақстандық эстрада орындаушылары Мадина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.
Концерттік бағдарлама барысында Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, сондай-ақ «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің мазмұны туралы пікір білдірді.
Қызылорда облысының әкімі, Конституциялық комиссия мүшесі Нұрлыбек Нәлібаев өз сөзінде жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тәуелсіздік, аумақтық тұтастық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне қатысты нормалар қамтылғанын айтты.
Спикерлердің айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістердің қатарында білім, ғылым, инновация, цифрландыру және мәдени мұраны қорғау бағыттары да қарастырылған.
Іс-шара барысында қатысушыларға алдағы референдум туралы ақпарат беріліп, конституциялық реформалар жөнінде пікір алмасу өтті.
13 наурыз 2026 ж. 53 0