№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РЕФЕРЕНДУМ: ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН 45 ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

РЕФЕРЕНДУМ: ҚЫЗЫЛОРДАДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН 45 ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ


Фото:www.gov.kz
Республикалық референдумға 6 күн қалды. Қызылорда облысы саяси науқанды өткізуге дайын.
Аймақта 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда.
Барлық учаскелер мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы яғни 1-қабатта орналасқан.
Бүгінгі күніоблыстаБрайльқарпін қолдана алатын72 учаскеде 100 көз мүгедегінеарнайы трафарет дайындалды. Қалған 308 учаскеде трафареттер таратылады.
Дауыс берушілер үшін бюллетеньдер толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар ұсынылды.
Өңірде қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 45 инватакси мен 329 учаскеде сурдоаудармашыларымдау тілі қызметтерін көрсетеді.
Дауыс беруге құқылы тұрғындардың 2637-і ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектегі бар азаматтар. Оның 1004-і кресло-арба қызметін қолданатындар, 1016-ы көру қабілеті төмен азаматтар, 617-і есту қабілеті төмен азаматтар.
Дауыс беру күні аймақтағы 374 учаскеде мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Мұнда дауыс беруге қажетті арнайы құрал-жабдықтар мен ақпараттық түсіндірмелер қамтылған.
Денсаулық жағдайына және науқас адамға күтім жасауына байланысты учаскеге келіп дауыс беруге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін комиссияның 2 мүшесі тасымалданатын жәшік арқылы азаматтың үйіне барып дауыс беруді ұйымдастырады.
Бұл ретте азаматтар 6 қазан сағат12:00-ге дейін өтініш қалдыруы тиіс.
Дауыс беру күні референдум учаскелері таңғы сағат 7.00-ден20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, референдум күні облыс бойынша 492 381 азамат дауыс беруге құқылы.
30 қыркүйек 2024 ж. 130 0