Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Кәсіпкерлікке қатысты нормалар түсіндірілді

Кәсіпкерлікке қатысты нормалар түсіндірілді



Бүгін өңірлік коалиция өкілдері қаладағы ірі сауда орындарының бірі – Қызылорда сауда орталығында экспромт кездесу өткізді. Іс-шара барысында сауда үйіне келуші тұрғындар мен кәсіпкерлерге Конституцияның негізгі баптары мен ұсынылған өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар олардың құқықтық және институционалдық ықпалы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы және әлеуметтік саясатқа қатысты нормалар сөз болды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ұсынылған жоба аясында шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар ережелер қарастырылған. Атап айтқанда, адал бәсекелестікті қорғау, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық кепілдіктерін нақтылау мәселелері қамтылған.

Өңірлік коалиция мүшесі Дәурен Сейтжановтың айтуынша, құжат жобасында кәсіпкерлікті қолдау, экономикалық еркіндік және жеке бастаманы қорғау қағидаттары көрініс тапқан. Сондай-ақ технологиялық жаңғырту, цифрландыру және бизнесті қолдау бағдарламаларын кеңейтуге құқықтық негіз қалыптастыру көзделеді.

Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сауда орталығына келген азаматтарға ақпараттық материалдар таратылды.

Ұйымдастырушылар 15 наурызға жоспарланған дауыс беру күні туралы ақпарат берді.
02 сәуір 2026 ж. 1 209 0