Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстан құрамасына еліміздің күш құрылымдарынан құралған «Kazakhstan А», «Kazakhstan B», «Kazakhstan C», «Kazakhstan D» командалары және «Kazakhstan Tomiris» әйелдер командасы қатысты.
Жарыстың бесінші күнінде қатысушылар ең серпінді кезеңдердің бірі – Obstacle Course (кедергілер жолағын) бағындырды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша «Kazakhstan B» командасы І орынды иеленді, ал «Kazakhstan A» бесінші орынға жайғасып, үздік бестікке кірді.
Турнирдің басты жаңалығы «Kazakhstan С» командасының тамаша жеңісі болды, ол барлық жарыс күндерінің қорытындысында UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.
Жалпы рейтингте екінші орынды «Kazakhstan А» командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар қорытынды кестеде отандық командалар арасында позициялар келесідей бөлінді:
- «Kazakhstan B» – 8 орын;
- «Kazakhstan Tomiris» – 18 орын;
- «Kazakhstan D» – 20 орын.



