№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ


«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 ж.ж. арналған Сайлауалды бағдарламасында ауылдарды дамыту мен ауылдар тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытында нақты шаралар қамтылған.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Рәсімге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жайымбетов Мархабат, Болат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Қазыбек Иса мен зиялы қауым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, құттықтау лебізін жеткізді.
«Жаттығуға келген жас өрендердің арасынан әлемдік ареналарда Қазақстанның көк туын көкте желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!», – деді Н.Нәлібаев.
Мемлекет спорт инфрақұрылымын дамыту үшін тиісті қаражат бөліп, балалардың жастайынан спортпен алаңсыз айналысуына жағдай жасауда. Спорт нысандарды дене шынықтыруға ден қойған әрбір адамға қолжетімді болуы үшін көп жұмыс атқарылды. Жаңадан ашылған кешендегі жаттығу залдары да спорттың әр түрімен шұғылданушыларға керекті құралдармен жабдықталған. Спортты серік еткен балалар мен үлкендерге ыңғайлы.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер, жаңа нысанды салып ел игілігіне тапсырған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
#KPK
15 қаңтар 2026 ж. 71 0