Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ 80 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ 80 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ


Жаңақорған ауданында жұмыс сапарымен болған Мәжілістегі "AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Жаңақорған кентінде әлеуметтік жағынан осал топтарға арнап салынған 80 пәтерлік 40 тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсіміне қатысты.
"AMANAT" партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында салынған 80 пәтерлі 40 үйдің жалпы құны 1 млрд. 500 млн. теңгені құрайды. Атап өтейік, 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар 5 мыңнан астам жаңа пәтерге қоныстанды. Кейінгі үш жылда, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы саны 1777 пәтер алғаш рет барлық аудандағы жерлестерімізге табыс етілді.
Салтанатты шарада аймақ басшысы, халық қалаулылары құттықтау сөз сөйлеп жылы лебіздерін жеткізді.

Аймақ басшысы тұрғындарды қоныстойымен құттықтап, осы жыл да өңір үшін жаңа бастамалар мен жарқын жоспарлар жүзеге асатын, береке мен бірлікті бекемдейтін кезең болатынын атап өтті.
15 қаңтар 2026 ж. 532 0