Кітапхана қорына жаңа кітап

Кітапхана қорына жазушы Сәуле Досжанның «Бала шақтан – болашаққа» атты ғұмырнамалық-танымдық кітабы қосылды.
Кітап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмір жолын, оның ата-анасының тағдырын, балалық шағының ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
Негізінен бұл шығармада елімізде отбасы институтын дамытуға, ата-аналардың өз перзенттерінен тұлға өсіргісі келетін армандарын шыңдауға, балалардың алдарына мақсат қойып, сол мақсат-тілекке жету жолындағы ата-ананың рөліне айрықша мән берумен қатар жастарға ынта-жігер, талап, күш береді.
Жазушы Кемел Тоқаевтың сол кездегі әдеби ортамен араласуы, сондай-ақ, сол уақыттағы қоғамдық тұрмыс пен адамдардың өзара ізгілік қарым-қатынасы жөнінде қызықты әрі маңызды мәліметтер ұсынылған.
Автор жастарға еліміздің саяси және әлеуметтік дамуындағы алуан түрлі аспектілерді түсінікті тілде жеткізуді мақсат тұтады.
Бұл кітап – балалар мен жасөспірімдерге арналған. Олардың адамгершілік құндылықтарын, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға және тарих пен мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Жастарға өмірдің әр түрлі кезеңдерінде өзін дұрыс бағытта ұстау, өз елін сүю және оның дамуына үлес қосу сияқты маңызды сабақтар беріледі.




