Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ТӨМЕНАРЫҚТА ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТӨМЕНАРЫҚТА ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін Төменарық бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау бойынша филиал төрағасы Арман Мажитов фракция жетекшісі Бибасарова Лаура түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Төменарық ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, онда айтылған басты бағыттар жан-жақты түсіндірілді:
✅Экономика және бизнес Өңдеу өнеркәсібін дамыту, шағын кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жоғары технологиялы өндірістерді іске қосу, инвестиция тарту мәселелері сөз болды.
✅Су және экологияСу тапшылығының ұлттық қауіпсіздік үшін маңызы атап өтіліп, бірыңғай цифрлық су платформасын құру, экологиялық ағарту жұмыстарын мектептен бастап енгізу жөнінде Президент бастамалары түсіндірілді.
✅Әлеуметтік саясатӘлеуметтік жеңілдіктер жүйесін қайта қарау, толық емес отбасыларға берілетін көмектің қоғамдағы салдары, білікті мамандар тапшылығын шешу жолдары талқыланды.
✅Халықаралық қатынасҚазақстанның БҰҰ реформаларына белсенді қатысу ниеті және халықаралық аренадағы бейтарап әрі сындарлы саясат жүргізуі жөнінде айтылды.

Ауыл тұрғындары Жолдаудың негізгі мазмұнымен танысып болған соң өз ой-пікірлерін білдірді. Бұл жұмыстардың мақсаты Президент бастамаларын әрбір азаматқа жеткізу және ел дамуына ортақ түсінік қалыптастыру.

#Жолдау2025
#ПрезидентЖолдауы
15 қыркүйек 2025 ж. 86 0