Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Теміржол және транзиттік әлеует жайы талқыланды

Теміржол және транзиттік әлеует жайы талқыланды


Сейсенбі күні ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен теміржол және транзиттік әлеуетті арттыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте аталған мәселелер бойынша міндеттер айқындалды.


Аймақ басшысы 6 теміржол вокзалы­ның күрделі жөндеу құны 2 млрд 811 млн теңгеге жобаланып, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жолданып отырғанын айтты. Оның ішінде Жаңақорған темір жол вокзалы да бар.
Осы орайда әлі де жоба-сметалық құжаттарын жасаудан кеш қалып, жоспарға іліге алмай отырған Жосалы, Төретам, Сексеуіл вокзалын күрделі жөндеу­ден өткізуге байланысты сараптамалық құжаттамаларын әзірлеуді тезірек қолға алу жөнінде Арал, Қармақшы ауданы әкімдеріне тапсырма берді.
– Өңір аумағынан темір жол арқылы өтетін жолаушылар вокзалдың көрінісі­не, оның айналасының мәдениеті мен тазалығына қарап осы елдің өзіне де шынайы бағасын береді. Сондықтан тұрғылықты мекеннің төлқұжаты сынды тұрақтарымызды талап деңгейіне келтіріп, таза және заманау стильде үлгілі деңгейге келтіріп қоюымыз керек, – деді облыс әкімі.
Еліміздің ІТ саласының дамуы Мем­лекет басшысының, Үкіметтің тұрақты бақылауында. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырып мамандарды көп­теп дайындау аса өзекті. Өңіріміздегі 17 орталықтың жұмысы зерделеніп, оларды заманауи құрылғылармен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салынады.
Жиында қоғамдық орындарды бейне­камерамен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Қауіпсіздікті тұрақтандыру үшін республикада бірінші болып облыс­тың аудандарына да орталықтанды­рыл­ған бейнекамералар, жылдамдық өлшегіш құралдар орнатылды. Жобаның тиімділігін арттыру үшін камераларды құқықбұзушылықтар мен қылмыс жиі болатын орындарға орнатып, тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тап­сырды аймақ басшысы.
Бүгінде облыс аумағынан өтетін ма­гистральды теміржол желісінің ұзынды­ғы мың шақырымды құрайды. Облыс аумағынан 14 жұп, Қызылорда қаласынан Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан, қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы қатынайды.
Өңірімізде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты 8 теміржол вокзалы мен 2 қызмет көрсету пункті бар. 6 вокзал ғимараты жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген.
ІТ саласын дамыту шарала­ры­н ұйымдастыру және оларға жастарды көптеп тарту бойынша өткен жылдың қорытындысымен өңіріміз бірінші орынды иеленді. Биылғы он айдың көрсеткіші бойынша да өңіріміз алда келеді.

Жәмила ЕРМАХАН
30 қараша 2024 ж. 119 0