Соңғы жаңалықтар

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жасампаздық жаңарудан басталады

Жасампаздық жаңарудан басталады


Ақын Қадыр Мырза Әлінің «Адам таза болмайды ешқашанда, айналайын табиғат таза болмай!» деп келетін жыр жолдары бар. Рас, тазалық – адам айнасы. Ауланың тазалығы, өзіңізге байланысты болса, кенттің тазалығы баршамызға ортақ міндет, ортақ жауапкершілік. Сондықтан ерте көктемнен, қара күзге дейін өңірімізде әрбір сенбі күндері жаппай сенбілік өткізіліп, жаңақорғандықтар жаңа аптаны жаңарудан бастауға білек сыбана кіріседі. Сенбі күні республикалық экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылып, кенттің күретамыр жолдары мен кіре беріс сыртқы келбетін күл-қоқыстан тазаланды.


Республикалық акцияға аудан әкімі Мажит Самитов бастаған аға буын өкілдері, ардагерлер мен кәсіпорын, ұжым басшылары атсалысты. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақ­стан» экологиялық тұжырымдамасының маңыздылығына тоқталған аудан басшысы:
– Өздеріңіз білетіндей, еліміз бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде. Мемлекет басшысының бұл акцияны қолға алудағы мақсаты –бірінші кезекте баршамыздың бойымызда тазалыққа деген мәдениетті қалыптастыру. Тазалық – ең алдымен денсаулықтың кепілі, тәртіптілік пен мәдениеттіліктің үлгісі. Біз күнделікті өз ауламызда, үй маңында ең алдымен тазалық пен реттілікке мән беріп, егілген гүлдер мен жасыл желекке қамқорлықпен қарасақ, кентіміз де, ауылдарымыз да бұрынғыдан да көріктене түсінетіні сөзсіз. Бұл тек кәсіпорын мекеме ұжымдардың ғана емес, әрбір тұрғынның міндеті болуы тиіс, – деді.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов ақ батасын беріп, шараның сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Аталған тазалық шарасына ардагерлер, өңірдегі этнос өкілдері, жастар, ерікті аудан тұрғындары мен мекеме-ұжымдар өкілдері белсене атсалысты. Аудан бойынша 2000-нан астам адам мен 13 арнайы техника жұмылдырылып, 30 тонна қоқыс белгіленген орындарға шығарылды. Республикалық сенбілік аясында ұйымдастырылған бұл шара қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болмақ.
Жалпы облыс бойынша сенбілікке шыққан 128 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қоршаған ортаны 4 000 тоннадан астам қоқыс қалдықтарынан тазартты. Скверлер мен парктер, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандары, өзен-көлдер аумағы, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар тазалан­ды. Көшелердің бойында, көпқабатты, жер үйлердің аулаларында тазалық жұмыстары атқарылды. Жұмыс барысында 900-ден астам техникамен қоқыс тасымалданды, жер тегістелді. Еске салайық, жыл басынан бері облыс аумағына климатқа жерсінетін 95 353 көшет егілген.
Қысқаша айтқанда, жасампаздыққа бастар жолдың негізі жаңарудан, яғни тазалықтан басталатынын ұмытпаған жөн.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
29 сәуір 2025 ж. 111 0