Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Елімізде алдағы күндері 40 градус ыстық болады

Елімізде алдағы күндері 40 градус ыстық болады


Фото: freepik.com
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті. Синоптиктер мәліметінше, елімізде алдағы күндері 40 градус ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Иран аумағынан жылы ауа массаларының жылжуы Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райының орнауына себеп болады.
«Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35…+44°С, орталықта +35…+38°С, ал Ақмола облысында да +30…+35°С дейін аптап ыстық күтіледі. Алайда, баршаға бұл жазғы ауа райынан ләззат алу бұйырмайды: батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде күшті жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал», - делінген синоптиктер болжамында.
13 мамыр 2025 ж. 245 0