ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Асенов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша партия алаңында қабылдады.Қабылдау барысында азаматтардың әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және зейнетақы төлемдеріне қатысты сұрақтары қаралды.
С.Асенов әрбір өтініш иесінің мәселесіне жеке тоқталып, тиісті түсіндірмелер беріп, кейбір өтініштер бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдауға келген тұрғындар өз алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.




