Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ, ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ, ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін аудандық партия филиалында жұмысшы мамандықтар жылына орай қоғам белсенділері мен жастардың кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы жастарға жұмысшы мамандықтарының маңызы, олардың қоғамдағы рөлі және болашақта осы салада карьера құру мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар берді.

Кездесуде ауданымызда қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысып жүрген жастарымыз кәсіби дағдыларды дамыту, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен жұмысшы мамандықтарының дамуы туралы сөз қозғады. Жастар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Шара барысында аудандық партия филиалы жанындағы "Жастар Рухы" ЖҚ-ның жетекшісі Әуезхан Нұрмұқасан Әуезхан сөз алып, ерекше көзге түскен жастарды облыстық "Жастар Рухы" ЖҚ төрағасының Алғыс хатымен марапаттады.
Аудандық партия филиалы мұндай шаралар арқылы жастарды дұрыс мамандық таңдауға, өздеріне сенімді болуға және қоғамға пайдалы еңбек етуге шақырады.
10 сәуір 2025 ж. 218 0