№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕРГЕУШІЛЕР СЛЕТІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕРГЕУШІЛЕР СЛЕТІ ӨТТІ

Қызылорда облыстық прокуратурасы мен Полиция департаменті бірлесіп, екінші рет «Тергеушілер слётін» өткізді.

Слётқа белгілі заңгер ғалымдар Е.Алауханов пен Ғ.Отарбаев, тергеушілер мен анықтаушылар, Қорқыт Ата және Болашақ университетінің студенттері қатысты.

Шараның мақсаты тергеудің оңды тәжірибесін талқылау, тергеу сапасы мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Іс шараның бірінші кезеңін облыс прокуроры Р.Ожаров пен облыстық Полиция департаментінің бастығы С.Ергешов ашып, тергеудің жүйелі проблемалық мәселелеріне тоқталды және оларды тиімді шешу жолдарын ұсынды.

Бірінші кезең қатысушылардың пікірлерін ашық айтып, қызу талқылау мен әділетті әрі тиімді тергеу тәжірибесін қалыптастыру туралы ортақ шешімге келуімен аяқталды.
Слёттің екінші кезеңі Полиция департаментінің арнайы жаттығу алаңында жалғасын тапты.

Бұл кезеңде тәжірибелі тергеушілер жас мамандарға «Кибер» қылмыстарды әшкерелеу жолдары және кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға орнын қарап-тексеруден мастер класс өткізді.

Слёт нәтижесімен қызметте елеулі жетістіктерге қол жеткізген тергеушілер және шараға белсенді қатысқандар алғыс хаттармен марапатталды.

Қатысушылар «Тергеушілер слётін» жыл сайын тергеушілер күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізу туралы ортақ келісімге келді.
Арайлым Нышанова
06 сәуір 2025 ж. 609 0