№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Президент қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

“Құрметті отандастар! Сіздерді әз Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.
Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.
Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.
Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін”, деді президент.
Айдан аман, жылдан есен болайық! – деп жазды Президент құттықтауында.
Дереккөз: adyrna.kz
14 наурыз 2025 ж. 166 0