» » Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жайлы!

Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жайлы!

Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады.
АПВ алдын алу жолдары:
•Жыныстық қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бұл әдіс жыныстық жолмен берілетін барлық инфекциялардан, оның ішінде АПВ-дан қорғауға мүмкіндік береді.
•Тосқауыл контрацепциясын қолдану – жеңіл, қолжетімді, бірақ әрқашан инфекциядан 100% қорғай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұқтыруы мүмкін.
•Мерзімді профилактикалық тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады.
•Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% - дан астамға төмендетеді.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Жаңақорған ауданы бойынша 11 жастағы қыздарды АПВ-ның жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарланып, егу жұмыстары кеңінен жүргізілді.
Атап айтқанда: аудан бойынша 11 жастағы қыздар мен 12-13 жастағы қыз балаларына 2024 жыдың қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін барлығы 2767 адам жоспарланған болатын, оның ішінде 11 жастағы 928 қыз жоспарланған, 12 жастағы 911 қыз жоспарланған, 13 жастағы 928 қыз баласы жоспарланған болатын.
Осының 2024 жылдың соңғы 4 айында егілгені 795 қыз баласын құрады, оның ішінде 11 жастағы 384 қыз балаға егілді, 12 жастағы 236 қыз балаға егілді, 13 жастағы 175 қызға егіліп отыр.
АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. АПВ-ға қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары.
Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетін болады.
Айта кету керек, АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары сияқты көршілес елдерде егуде.
Бөлім басшысы Ж. Шайхысламов
15 қаңтар 2025 ж. 123 0