Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аралды құтқару - әлемдік мәселе

Аралды құтқару - әлемдік мәселе

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін «Көкарал» бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарда бар екенін атап айтты.
Арал теңізі бассейніндегі аймақты оңалту мақсатында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында 4,4 млн көшет отырғызылды.
2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге тұқым мен көшет отырғызылды. Биыл 428 мың гектарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осының нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуге тиіс.
Арал теңізінің тартылған аумағын көгалдандыру топырақ эрозиясының алдын алады және құмды, тұзды дауылдармен күресуге көмектеседі.Бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып, жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғайды.

Маратов Айдос,
Белсенді жас
12 ақпан 2025 ж. 221 0