Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қытайлық компания елімізде адам тәрізді роботтар шығаратын кәсіпорын құрмақ

Қытайлық компания елімізде адам тәрізді роботтар шығаратын кәсіпорын құрмақ

«AgiBot сияқты озық компаниямен серіктестік – робот жасау саласын дамыту тарихындағы маңызды кезең. Әсіресе, біздің әріптестігіміз Қазақстан аумағында роботтар өндірісін локализациялауды көздейтінін ерекше атап өткім келеді. Бұл бізге машина жасау саласындағы ең перспективалы бағыттардың бірінде кәсіпорын ашумен қатар, сараптамалық тәжірибені арттыруға және робототехника саласындағы отандық құзыреттілік орталығын құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Бірлескен бастамаларды қаржыландыруға ewpartners жеке инвестициялық қоры және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қатысады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, тиісті келісімге «Digital Almaty 2025» форумында қол қойылды.
2023 жылдың ақпанында негізі қаланған AgiBot компаниясы әмбебап адам тәрізді роботтарды әзірлеу және өндірумен айналысады. AgiBot жасанды интеллект пен робототехника саласындағы технологияларды белсенді дамытып, роботтарды өнеркәсіптен бастап тұрмыстық міндеттерге дейін кең ауқымды қолдану үшін әзірлейді.
03 ақпан 2025 ж. 321 0