Мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы заңнаманы бұзуға қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1738148853_0f738047-b225-4678-a46e-3024ce87a4a5.jpg)
Заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында 2023 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» 372-бабына 2023 жылғы 3 қаңтардағы №188-VII ҚР заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аталған бапқа сәйкес, ҚР мемлекеттік рәміздерін қорлау – үш мың (11 796 000 теңге) айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не тоғыз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – Қазақстан Республикасының азаматтары үшін басты міндет болып табылады.