Соңғы жаңалықтар

№45 (8859) 21

21 маусым 2025 ж.

№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: СЫР ӨҢІРІНДЕ 11210 АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТТІ

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ»: СЫР ӨҢІРІНДЕ 11210 АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСЫНАН ӨТТІ



Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының аймақтық кураторы Данияр Жаналиновтың төрағалығымен жобалық топтың кеңейтілген отырысы өтті. Онда жобаның өткен жылы орындалысы талқыланып, алда тұрған міндеттер пысықталды.

Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтіп, оның игілігін бүкіл еліміз көруі үшін ауқымын кеңейтуді Үкіметке тапсырды. «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында да жобаның қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттырудағы маңызы мен тиімділігіне ерекше тоқталды.

Осы ретте «AMANAT» партиясының Орталық аппараты мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жобаның ауқымын кеңейту туралы тиісті органдармен арнайы Меморандум әзірледі. Құжат аясында 9 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы және Микроқаржы ұйымдары қауымдастығы жобаны іске асыруға қосылды. Осылайша 2024 жылы 5 ақпаннан бастап партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы еліміздің барлық аймағында бастау алып, өңірлерде «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңселері құрылды. «AMANAT» партиясы қаржылық сауаттылық курстарын өткізу үшін 150 қаржылық сарапшыны арнайы оқудан өткізді. Олар өңірдің барлық аудандарында халықтың қаржылық сауатын арттыруға арналған дәрістер жүргізді.

Атап өтейік, өткен жылы жоба аясында облыс бойынша 11000 мың азаматты тегін қаржылық сауаттылық арттыру курсынан өткізу жоспарланған болатын. Нәтижесінде 11210 адам оқудан өтіп, жоспар 140,1 пайызға орындалды. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Жиын барысында арнайы хабарлама жасаған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов өткен жылы жобаны іске асыру барысында кездескен проблемаларға тоқталып, дәрістерден бөлек қаржылық сарапшылармен атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.

«Өткен жылы жоба аясында қаржылық сарапшылармен 372 адамға қарыздарын өтеу бойынша кеңес беріліп, 159 азаматтың қарыздарын өтеу, 22 адаммен банкроттық бойынша жұмыс жүргізілді. 59 адамға анықталған алаяқтық әрекеттерге қарсы түсіндірме жасалып, 11 адам жұмыспен қамтылды. 940 адамның бизнес – жоспарларын жасауға көмек берілді. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен аймақтағы 28 колледж бен 270 мектеп мұғалімдерін оқытатын 8 әдіскер қаржылық сауаттылық курстарынан өтіп, 1 қыркүйектен бастап колледждер студенттері мен мектеп оқушыларына және Шымкент қаласында ұйымдастырылған курстарға қатысқан облыстағы 3 жоғарғы оқу орыны өкілдері жаңа оқу жылынан бастап өз оқу орындарында студенттер үшін курстарды бастады. Бұл жастардың қаржылық сауаттылықтарын арттырып қана қоймай, олардың болашақта мүмкін болатын түрлі қаржы саласындағы қиындықтарға түсуіне жол бермеуге бағытталған жұмыстар»,-деді Алмасбек Есмаханов.

Жиында сондай-ақ, жобаның облыс бойынша менеджері Наталья Мишукова «Қарызсыз қоғам» жобасын 2025 жылы іске асыру бойынша алда тұрған міндеттер туралы хабарлама жасады.

Жоба менеджері биылғы оқытуларда 90 күннен астам несие және басқа да берешегі бар азаматтарға басымдық берілетін атап өтіп, облыста «NLP-90» санатындағылар саны 75874 адамды құрайтын болса, ағымдағы жылы олардың 9500-ын оқыту жоспарланып отырғандығын жетікізді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары, жобаның аймақтық кураторы Данияр Жаналинов: «Қарызсыз қоғам» жобасы партия бастамасы болғанымен, оны іске асыру Мемлекет басшысымен Үкімет арқылы атқарушы органдарға тапсырылғанын ерекше атап өтіп, аймақтық топ мүшелеріне және жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне алдағы міндеттер бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Атап өтейік, оқу курстары биыл ақпан айында басталады.
#AMANAT
15 қаңтар 2025 ж. 88 0