ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫ: ЕГЕМЕНДІК ПЕН ЕЛДІК ТҰҒЫРЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында еліміздің экономикасын және егемендігін нығайту – басты мақсаты екенін айтты.
Президент Әділдік қағидасы негізінде Қазақстанды жаңарту стратегиясы туралы айтып өтті. Өз сөзінде "Әділдік – бәрін теңестіру деген сөз емес. Менің ел байлығын әділ бөлу туралы ұстанымым меншік иелерін мүлкінен түгел айырып, активтерді қайта бөлу дегенді білдірмейді. Біз іштен іруге және жүгенсіздіктің белең алуына әкеп соқтыратын мұндай жолмен жүрмейміз. Сондықтан кезінде баз біреулерге орынсыз берілген артықшылықтар мен жеңілдіктерді алып тастау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару – популистік қадам емес, керісінше, әділдік қағидасы негізінде Қазақстанды жаңғырту стратегиясы.
Сонымен қатар, қазақ тілін дамыту, мәдениетті қолдау, білім беру жүйесін жаңғырту және жастарды қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сұхбатында президент инфрақұрылымды жаңғырту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, аграрлық сектордың жетістіктері және "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын қоса алғанда, әлеуметтік бастамалар сияқты ауқымды жобаларды қорытындылады. Сондай-ақ, ол геосаяси шиеленіс жағдайында Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан өз азаматтарына білім, ғылым және мәдениет үшін мүмкіндіктер ұсынатын әлеуметтік бағдарланған мемлекет болып қала беретінін атап өтті.
Жәмиля ЕРМАХАН
журналист