№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨҢІРІМІЗ ӨРІСТЕП КЕЛЕДІ

ӨҢІРІМІЗ ӨРІСТЕП КЕЛЕДІ


Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.  
Күн тәртібінде 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.
Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланды. Қызылорда облысы осы жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша республикада көш бастады. Аймақ басшысы жұмысқа әлі де  қарқын қосуды тапсырып, алдағы міндеттерді айқындады.
«2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында барлық макроэкономикалық көрсеткіш бойынша өсім қалыптасты. Аудандар мен Қызылорда қаласында макрокөрсеткіштердің оң қарқыны қамтамасыз етілген. 
Өңдеу өнеркәсібінде біздің өңір көшбасшы. Құрылыс саласында да барлық өңірлердің алдында тұрмыз. Осы көрсеткішті сақтап тұру бойынша жұмыстар атқарылуы тиіс. Тиісті орталық мемлекеттік органдармен жедел жұмыс жасап, жоспарлы параметрлердің орындалуын қамтамасыз етіңіздер. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері бұл жұмыстан тыс қалмаңыздар. Жыл соңына дейін барлық макрокөрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізу керек», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Облыс әкімі бюджеттің игерілуіне қатысты да нақты тапсырмалар жүктеді.
Өңірде өңдеу өнеркәсібі өрісін кеңейтіп, өнім көлемі артып келеді. Өткен жыл­дың қорытындысында еліміздің ішкі жалпы өнімінің 13,4%-ын осы сала құрапты. Сөйтіп, экономикаға қосқан үлесі бойынша сауда және тау-кен өнеркәсібінен кейінгі үшінші көрсеткішті иеленді. Өндіріс көлемі бойынша оң динамика орын алып отыр. Еуразия­лық экономикалық комиссияның статистика­сына сәйкес, 2024 жылдың  желтоқсан айында Қазақстанның макроэкономика саласы бойынша алғашқы елу елдің қатарына ілініпті.
Жалпы, Жаңақорған ауданы бойынша хаық саны 90 мыңға жуықтайды. Бұл нақты тіркелгендердің көрсеткіші.
Алдымен инвестициядан бастағанды жөн көрдік. Жыл басынан бері үш айдың ішінде капиталға салынған негізгі инвестиция 11 млрд 162 млн-ға жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 139,1 пайызды құрады. Бұл облысқа тартылған инвестиция көлемінің 10 пайызын көрсетіп тұр. Оның ішінде аграрлы салаға салынған қаржы қуантады. Бұл бәрінен бұрын отандық өнім көлемін көбейтіп, экспортты арттырудан бұрын халықтың әлеуметтік ахуалын, нарық бағасын реттейді. Мұның қатарында биыл тұңғыш өнім бергелі отырған Қыраш ауылындағы алма бақтың үлесі ерекше болғалы тұр.
Ауылшаруашылығы саласында да көр­сеткіш жаман емес. Егін шаруашылығын­да әртараптандыру бағыты жақсы жолға қойылса, төрт түлікті төлдетуде облыста озық келеміз. Аграрлы саладағы көрсет­кіш былтырғы жылмен салыстырғанда 102 пайыздан асқан. Бұл салада 2358 шаруа қожалығы тіркеліпті.

Қуантарлығы, жыл сайын саладағы серпіліс оң нәтижеге бастап келеді. Қазір негізгі қажеттілік, ол – инфрақұрылым. Бұл бағытта Жаңақорған ауданы көш бастап тұр. Ауданаралық жолдар толық жөнделіп, ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Көгілдір отыны жүргізіліп, жарықтар жаңғыртыла бастады. Жыл соңына дейін кенттегі жарық жүйелері толық жаңарады деп күтілуде. Құрылыс жұмысы қарқынды, әлеуметтік нысандардың құрылысы да уақытылы жүруде.
Аудандағы негізгі капиталда шағын кәсіпкерлік пен өнім өндірудің үлесі басымырақ болып тұр. Әсіресе, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұрғындар қатары көбейді. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 112,3 пайызға жеткен. Қорыта айтқанда, өңір өркендеуінің шынайы көрсеткішін нақты цифрлар ғана емес әлеуметтік ахуал айқындап келеді.

Мақпал МАРҚАБАЙ
20 желтоқсан 2024 ж. 37 0